«Жаужүрек мың бала» фильмі «Оскар» сыйлығына ұсынылуы мүмкін - Өнер|07 Тамыз 2012, 16:09
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Жаужүрек мың бала» фильмі «Оскар» сыйлығына ұсынылуы мүмкін

«Жаужүрек мың бала» фильмі 17-22 қыркүйек күндері Алматыда өтетін VIII «Еуразия» халықаралық кинофестивалінің бағдарламасына енгізілді 

Бұл туралы фестивальдің президенті Ермек Аманшаев бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихаты кезінде айтты.
«Соңғы жылдары әлемдік киноиндустрия институттарының Қазақстанға деген қызығушылығы өте жоғары. Біздің фильмдеріміз көптеген мәртебелі кинофестивальдарға қатысуда. «Еуразия» кинофестивалінің мұнда өз орны бар. Биыл бұл шараға әлемдік киноиндустрия институттарының жетекшілері қатысқалы отыр. Олардың арасында Францияның ұлттық кинематография қорының президенті, Ресей киноқорының басшысы, «Алтын глобус» сыйлығының президенті бар», - дейді Е.Аманшаев.
Оның айтуынша, «Алтын глобус» «Оскар» мен «Грэмми» сыйлығынан кейінгі үшінші орында тұрған ең мәртебелі сыйлықтардың бірі. Оның лауреаттарының үштен екісі кейін «Оскар» сыйлығының иегерлері атанып жүр. Сондықтан осындай халықаралық институттар арқылы Ақан Сатаевтың «Жаужүрек мың бала» фильмін де «Оскарға» ұсыну мүмкіндігін қарастырмақ.
3 мамырда кино нарығына шығарылған режиссер Ақан Сатаевтың «Жаужүрек мың бала» фильмі алғашқы үшкүндік көрсетілімінде 1 миллион доллар жинаған отандық тұңғыш туынды. Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының ең ауқымды бұл жобасын жүзеге асыру 3 жылға созылды. Ол 18-ғасырдың басындағы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» кезеңінде жоңғарларға қарсы қол жинап, жанкештілік танытқан өрімдей жас қыз-жігіттердің тағдыры туралы фильм. Онда басты және екінші дәрежедегі 200 актерды таңдау мақсатында жарияланған кастингке 22 мыңнан астам үміткер қатысты.
Автор: Ерлік Ержанұлы 

ҚазАқпарат


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер