BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жастар театры ұсынады. «Көзіме бір көрінсең, бала ғашық»

Астана қаласындағы «Жастар» театры өнер сүйер қауымға «Көзіме бір көрінсең, бала ғашық», «Жанарымдағы жалғыз әуен», «Ревизор» және «Асауға тұсау» сынды қойылымдарды тамашалауға шақырады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бас кейіпкер – сол баяғы өзімізге етене таныс Қожа. Қойылымның негізгі идеясы Қожаның Жанарға деген алғашқы пәк махаббаты аясынlf өрбиді. Шын ғашық болудан артық бақыт жоқ. Әсерлі лирикалық әуен аясында көңіл түкпіріндегі балалық шаққа, бала махаббатқа деген аяулы сезім – сағыныш сазын жыр етер «...Көзіме бір көрінсең, бала ғашық...» қойылымының көреремен көңілінде ұмытылмай, ұзақ уақыт сақталары сөзсіз.

Ендеше достар, Астана қаласы әкімдігінің «Жастар театры» сәуір айынан бастап назарларыңызға Б.Соқпақбаевтың «...Көзіме бір көрінсең, бала ғашық...» сахналық повесін ұсынады.

Қоюшы режиссер және инсценировка авторы – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер – Дәурен Серғазин.

Аталған қойылым 2013 жылы Ақтөбе қаласында өткен ХХI республикалық театр фестивалінде «Ең үздік жастар бейнесі» номинациясының иегері атанды. Қойылым ілеспе аудармамен қамтылған.

Онлайн билеттер: https://ticketon.kz/astana/place/teatr-zhastar сайтынан ала аласыздар.

Билеттер құны:
Үлкендерге 1200 тг;
Студенттерге 700 тг;
Зейнеткерлерге 500 тг.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер