BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жастар театры бірнеше марапатқа ие болған «Асауға тұсау» қойылымын ұсынады

Астана қаласы әкімдігінің Жастар театры У.Шекспирдің «Асауға тұсау» комедиясын назарларыңызға ұсынады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қойылым барлық актер труппасының шебер сомдауымен сахналанады. Басты рөлдерде театрымыздың негізін қалаушылары, белді актерлары: Петручио рөлінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әділ Ахметов, Люченцио рөлінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының иегері Дәурен Серғазин сомдайды.

Жарасымды қалжыңымен баурап алатын көркемдік құдіретімен қымбат шығарма режиссердің ұтымды шешімімен сахнаға шықты. Қойылымда оқиға көңілді музыкамен, орындаушылардың пластикалық қасиетімен ашыла түседі.

Қойылым режиссері – театрдың көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай. Режиссерлар – Бекболат Құрманғожаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Дәурен Серғазин, Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты.

Естеріңізге сала кетейік «Асауға тұсау» қойылымы фестивальдерде бірнеше марапаттарға ие болған болатын:

С.Майқанованың 100 жылдығына арналған XXII республиклық драма театрлар фестивалінің «Ең үздік спектакль» – Гран-При жүлдесінің иегері. (Қызылорда, 2014, қыркүйек);

Түркі халықтарының ХІІ «Наурыз» халықаралық драма театрлар фестивалінің үздік қатысушысы арнайы дипломының иегері. (Татарстан, Қазан, 2015, маусым );

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Қазақстан – Еуразия жүрегі» атты Орта Азия елдерінің VI халықаралық фестивалінінің жүлделі І орын иегері. (Талдықорған, 2016ж, қазан).

Түркістан қаласында өткен қазақтың тұңғыш режиссері Ж.Шаниннің 125 жылдығына арналған Түркі әлемі театрларының «Театр көктемі – 2017» Халықаралық фестивалінің «Ең үздік спектакль» – Гран-При жүлдесінің және «Үздік әйел бейнесі» (Катарина ролі үшін Айнұр Рахипова), «Қойылымдағы ұтымды бейне» (Пертручио рөлі үшін Әділ Ахметов) аталымындағы жүлделердің иегері. (Шымкент, 2017, наурыз).

Бішкек қаласында өткен VI Халықаралық «ART-ORDО» театр фестивалінде У.Шекспирдің «Асауға тұсау» комедиясы қазылар алқасының шешімімен «Үздік режиссер» жүлдесін қанжығасына байлады және Нұрқанат Жақыпбайға Қырғызстан театр қайраткерлер одағы, қоғамдық театр өнері академиясының академигі құрметті атағы берілді. (Бішкек, 2017, қыркүйек).


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер