Жас театр «Актриса» пьесасын сахналады (ВИДЕО) - Өнер|30 Мамыр 2016, 10:19
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жас театр «Актриса» пьесасын сахналады (ВИДЕО)

Астана. 30 мамыр. Baq.kz - Айгүл Иманбаеваның «А.И.» театры Дулат Исабековтің «Актриса» пьесасын сахналады.
 

Қойылым бұған дейін де бірнеше рет қалың көрерменге жол тартып, көптің көңілінен шыққан. Алайда сахна сыртындағы жайттарды баяндайтын, актрисаның ішкі жан-дүниесін бейнелейтін қойылымды жас театр басқа қырынан көрсетуге тырысқан. Айта кетейік, «Актриса» шығармасы 1998 жылы жазылған.

Дулат Исабеков, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, жазушы: - Айгүл осы пьесаға көптен бері көз салып, ғашық болып жүргендігін талай айтқан. «Бұл менің өмірім, бұл менің тура өмірімнің көшірмесі, мен осыны ойнағым келеді» деп. Айгүлде классика бар. Айгүл сахнаны жақсы біледі. Айгүлдің әдемілігі де бар. Нәзіктігі бар.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер