Жаңа телемаусымда «Елім менің» жобасы бастау алады - Өнер|28 Тамыз 2012, 09:20
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жаңа телемаусымда «Елім менің» жобасы бастау алады

Отанын шексіз сүйетін азаматтар «Елім менің» телеойынында сынға түседі. Жаңа телемаусымда «Елім менің» жобасы көрерменнің көңілін баулау үшін барын салмақ.

Жаңа маусымда Ескендір Ха­санғалиев, Сауық Жақанова, Ермахан Шайхы, Арыстанбек Әбілов, Марат Мәзімбаев, Аян Өтепберген, Меруерт Түсіпбаева, Бақыт Жұматова, Лұқпан Жолдасов, Сара Тоқтамысова, Қанат Әлжаппаров сияқты қатысушылар өздерінің қаншалықты патриот екенін сынап көрмек.
Ал жоба жүргізушісі Мөлдір Әуелбекова көрермендердің алдында жаңа қырынан ашылады. Жүргізушілік шеберлігін шыңдап жүрген жұлдызға сұраныс та көбеюде. Ал Мұрат Қожа мен Қаракөз Тілеубекова өз топтарына көмек берудің жаңа әдістерін тапқан сыңайлы.
Көріпкел Бақыт Жұматова барлық сұрақтың жауабын біліп қойса, халықтың сүйікті ұлы Қанат Әлжаппаров ойын барысында бірқатар танымал адамдарға пародия жасайды.
«Қазақстан» ұлттық арнасында патриоттық - ойын-сауықтық «Елім менің» жобасының жаңа маусымы 2 қыркүйектен бастап, әр жексенбі сайын сағат 21:30-да көрсетіледі.


Әйгерім ДОСЫМ


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер