BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Жаңа өрмекші адам» қазақ тілінде сөйлейді

АСТАНА. 30 маусым. 2 шілде күні сағат 15:40-та Астана қаласында Columbia Pictures студиясының «The Amazing Spider-Man» фильмінің «Жаңа Өрмекші адам» атты қазақ тілді нұсқасының алдын ала қайырымдылық көрсетілімі өткізіледі. 

«Жаңа Өрмекші адам» - қазақстандық кинотеатрларда қазақ тілінде көрсетілетін төртінші киноөнім. Шара «Керуен» сауда орнында өтеді.

«Керуен» СО-ның хабарлауынша, алдын ала көрсетілімге «Болашақ» Қауымдастығы кеңесінің төрағасы Бауыржан Байбек, «MARWIN» компаниясының Астана қаласындағы филиалының директоры Владимир Ремнев, «Damu Contract logistics» компаниясының Астана қаласындағы филиалының директоры Михаил Шамаков, қазақ дубляжінің режиссері Айжан Жәмшитова («Көліктер 2», «Батыл жүрек»), басты кейіпкерді дыбыстаған Мерей Әджібеков, Астана қаласы мен Ақмола облысы балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, зиялы қауым өкілдері қатысады.

Фильм премьерасы қазақ және орыс тілдерінде еліміздің барлық аймақтарының кинотеатрларында 2012 жылдың 5 шілдесі күні өткізіледі.
Автор: Әбу-Асқар Мекешұлы 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер