BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жаңа маусым жаңалықтарға толы

«Қазақстан» ұлттық арнасының дәстүрлі өнерді дәріптейтін «Сегіз қырлы, бір сырлы» интеллектуалдық, музыкалық-көңілашар бағдарламасының екінші маусымы өз мәресіне жетті. Ақтық сайыс пен жеңімпаздарды марапаттау рәсімін бүгін теле-эфирден тамашалай аласыздар. Біз жоба продюсері Назгүл Сарыбаевадан байқау барысы жайлы сұраған едік.
 - Бірінші маусымда қанша өнерпаз қа­тысты? - «Сегіз қырлы» дәстүрлі ән бәй­гесі 2009 жылдың 11 сәуірінен бері эфирге шығып келеді. 1 маусымда 32 өнерпаз: 8 әнші Батыс ән мектебінен, 8 әнші Арқаның әншілік мектебінен, 8 әнші Жетісу әншілік-орын­дау­шылық мектебінен, сондай-ақ Сыр­дың жыршылық дәстүрін жалғас­тырушы 8 үміткер бақ сынады. Олар­дың арасынан Бейбіт Мұсаев (Жетісу), Ақмарал Ерімбетова (Ба­тыс), Талғат Абуғазин (Арқа), Бей­сенбек Төлеубаевтар (Сыр) топ жа­рып шықты. Бас жүлдені Қазақстан Рес­публикасының мәдениет қай­рат­кері Ардақ Исатаеваның шәкірті - Талғат Абуғазин иеленді. - Жалпы, орындаушыларға қойы­ла­тын талап қандай? - Қатысушылардың жас ерек­шелігі 18-35 жас аралығын құрауы тиіс. Олар арнайы комиссия әзірлеген 4 мектептің әндерін жақсы меңгеруі міндет. Бағдарламада екі дәстүрлі әнші сайысқа түседі. «Көңілашар» бөлімінде өздерінің дауыс мүм­кін­діктерін көрсетеді. «Ән-көкпарда» біліктіліктерін танытады, «Өлең - сөз­дің патшасы» айдарында жа­сырылған өлең жолдарын толық­тырады және сол шумақты орындап береді. «Аманат» айдарында ұя­шықтарға жасырылған «Алтын қор­да» сақталған майталман әнші, жыршы-жыраулардың үндерін тас­падан 5 секунд ішінде дөп басып тануы қажет. Ал «Сіз естімеген бір ән» айдарында бұрын-соңды еш жерде орындалмаған халық әндері мен халық композиторларының және бүгінгі сазгерлердің дәстүрлі әндерін жарыққа шығаруы керек. - «Сіз естімеген бір ән» айдары біз ес­тімеген қанша әнді жарыққа шы­ғар­ды? - Бірінші маусымда «Сіз естімеген бір ән» айдарында 68 жаңа ән орындалса, екінші маусымда бұрын-соңды еш жерде шырқалмаған 81 туынды қазақ ән қоржынын то­лықтырды. Көрермен көңілінен шы­ғып, үлкен сахналарға жолдама алды. Және «Сегіз қырлының» «Аманат» айдары арқылы Жүсіпбек Елебеков, Мәдениет Ешекеев, Қали Байжанов, Қосымжан Бабақов, Манарбек Ержанов, Жәнібек Кәрменов (Арқа), Рүстембек жырау Жиенбайұлы, Көшеней Рүстембекұлы, Бидас Рүстембеков, Шәмшат Төлепова, Балқашбай жырау Жүсіпов (Сыр), Әли Құрманов, Ғарифолла Құр­манғалиев, Қатимолла Бердіғалиев, Күріш Тасболатов, Мекес Төрешов, Жақсылық Сәрсенғалиев, Қалампыр Рахимова (Батыс), Дәнеш Рақышев, Әсемхан Қосбасаров, Әлімқұл Жамбылов, Төрткен Кененқызы, Мырзахмет Мукаманов, Жақсылық Мырқаев (Жетісу) сынды көптеген қазақтың маңдайына біткен біртуар таланттарының ғажап үндері жаң­ғырып, жас ұрпақтың санасына сіңді. Дәстүрлі өнердің жеңісі - осы болса керек. - Кешегі маусым қалай қоры­тын­дыланды? Жеңімпаз кім? - Кеше Арқаның әншілік мек­тебін насихаттаушы жастардың жолы болып, финалда атақты Шашубай ақындардың үзеңгілесі, елге танымал әрі әнші, әрі композитор Майасар ақынның ұрпағы Жақсыгелді Мая­саров пен өнердегі қадамын күй­шілікпен бастаған, 2010 жылы өткен «Жас жұлдыз» фестивалінде дәстүрлі ән номинациясы бойынша 1 орынды иеленген Есбол Шаңбаев бақ сы­насты. Екеуі де тамаша орындау­шы­лар, дегенмен «Аманат» айдарында Есбол Шаңбаев алғырлық танытып, жеңіске жетті. - Жоба әрі қарай жалғасын таба ма? - Міндетті түрде. Өйткені «Сегіз қыр­лы» ән бәйгесі - әлемдік теле­визия тарихында аналогы жоқ эксклюзивті жоба. Идея авторы - өнертану ғылымдарының кандидаты, Ұлт­тық арнаның музыкалық продюсері Сағатбек Қалиев. «Қа­зақстан» Ұлттық телеарнасының көрермендері үшін мақсатты түрде арнайы әзірленіп отыр. Сондықтан келесі маусымның түсірілімі 11, 12 наурызға жоспарланып, қазіргі сәтте оған қатысушылардың тізімі іріктелу үс­тінде. Жалпы. жобаның құ­ры­лымында бұрынғы маусымдардан аса айырмашылық болмайды, дегенмен біршама жаңалықтар болатындығы рас. Бұл - әзірге кәсіби құпия. http://www.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=5970&Itemid=2

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер