BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 378.87 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 422.4 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.87
Астана:

«Жайдарманның» ерекше жүлдесі

Астанадағы «Бейбітшілік және келісім сарайында» Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ұсынған гранттары үшін Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам минитсрлігінің қолдауымен Жайдарманның «ТУҒАН КҮН-2018» республикалық арнайы жобасы өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шарада Жайдарманның танымал топтары өнер көрсетіп, көрермендерге көңілді кеш сыйлады. Олардың қатарында «Біріккен ұлттар құрамасы» (Астана), «Миллион» (Шымкент), «Тұран - Астана» (Астана), «Қызылорда құрамасы» (Қызылорда), «Боранқұл» (Маңғыстау), «Грант» (Орал), «ӨзенМұнайГаз құрамасы» (Жаңаөзен), «Элемент» (Семей), «Фемида» (Ақтөбе), «Байдың балалары» (Шымкент) қатарлы топтар болды.

Ойынға жоғары лиганың тұрақты қазылары - Мәди Манатбек, Сүндет Байғожин, Асxат Оралов, Нұрлан Өтешев және Геннадий Шиповскиx баға берді.

Ойын соңында "Жайдарман" сөзінің әр әрпіне сай номинациялар тағайындалып, командалар кубоктармен және димломдармен марапатталды.
Номинацияларға ие болған командалар тізімі төмендегідей:
«Жігер» - "Элемент" (Семей);
«Айбын» - "Боранқұл" (Маңғыстау);
«Игілік» - "Миллион" (Шымкент);
«Дарын» - "Грант" (Орал);
«Алдаспан» - "Қызылорда құрамасы" (Қызылорда);
«Рух» - "ӨзенМұнайГаз" (Жаңаөзен);
«Мақсат» - "Тұран-Астана" (Астана);
«Абырой» - "Байдың балалары" (Шымкент);
«Намыс» - "Фемида" (Ақтөбе).

Ойыннан бір күн бұрын жайдарманшылар республикалық «Сенің жаңа қырың» спорттық акциясы аясында командалар арасында футбол ұйымдастырған болатын. Осылайша, жайдарманшылар ауқымды жобаға өз үлестерін қосты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер