BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ж. Жетіруов ХІІ Азия елдерінің халықаралық Рим кинофестивалінде Бас жүлдені еншіледі

АЛМАТЫ. 22 қазан. BAQ.kz Түркияның Анкара қаласында 15-20 қазан аралығында 48-інші «Алтын апельсин» кинофестивалі өтті деп хабарлайды ҚазАқпарат  

Оған Қазақстаннан Жәнібек Жетіруовтың «Аққыз», Ақан Сатаевтың «Жаужүрек мың бала» және Актан Арым Кубаттың «Жұмақ аналар үшін» фильмі шақырту алған болатын. Жәнібек Жетіруов бұған дейін 6-14 қазан күндері Италияның Рим қаласында ХІІ Азия елдерінің халықаралық Рим кинофестивалінде «Аққыз» фильмінің таныстырылымын жасаған еді. Сондай-ақ ұйымдастырушылардың қалауымен 30 қыркүйектен 6 қазанға дейін Иран, Қазақстан, Үндістан және Филиппин елдерінен шақырылған Азияның үздік 4 деректі фильм режиссерлерінің бірі ретінде қысқа метражды фильм түсіру сайысына қатысты.
«Онда төртеумізге төрт суретшінің шығармашылығын ашып көрсету міндеті жүктелген еді. Мен «Джульетта және әртіс» деген тақырыпта сценарий жазып, онда қылқалам шеберінің өз туындысын салуына түрткі болған жәйттерді көрсететін сюжет ойлап тауып, оны 10 минуттық қысқа көркем фильм ретінде жасап шықтым. Сайыста менің түсірген фильмім Бас жүлде алды», - дейді Ж.Жетіруов. Режиссердің айтуынша, ол енді «Аққызбен» 10-17 қараша күндері Үндістанның Калькутта қаласында болатын XVIII Халықаралық кинофестивальге қатысқалы отыр.

Автор: Ерлік Ержанұлы

 


 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер