BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Үздік журналистер марапатталды

АСТАНА. 25 маусым. BAQ.KZ - Астанада Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің «Мемлекеттік тіл және БАҚ» атты байқауының жеңімпаздары марапатталды.

БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесі қарсаңында арнайы ұйымдастырылған жиынға Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай, Президент Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Бағлан Майлыбаев, Парламент депутаттары және журналистика саласының майталмандары қатысып, құттықтау лебізін жолдады.

Жүлдігерлер 4 номинация бойынша марапатталды. Атап айтқанда жүлделер «Үздік авторлық телебағдарлама», «Үздік радиобағдарлама», «Үздік баспасөз материалы», сонымен қатар «Электронды БАҚ-тағы үздік материал» аталымдары бойынша үлестірілді.
Мемлекеттік тілдің жоғын жоқтап жүрген телеарна журналистері арасында бас жүлдені КТК телеарнасының өкілі Жадыра Сейдеш алды. Радио журналистері арасында, «Шалқар» радиосының қызметкері Жылбек Сембекұлы үздік деп танылды. Газет тілшілері арасында "Ана тілі" басылымының өкілі Нұрперзент Домбай, электронды БАҚ саласында «Алтын Орда» сайтынан Елдос Елдесов жеңімпаз болды.

Фото: BNews.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер