Уолт Дисней өнімдері қазақстандық телеарнадан көрсетілетін болды - Өнер|10 Тамыз 2012, 23:07
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Уолт Дисней өнімдері қазақстандық телеарнадан көрсетілетін болды

Астана.10тамыз. BAQ.kz - Қазақстандық «Жетінші арна» телеарнасы  «Уолт Дисней Компани СНГ» мекемесімен  бірқатар телеөнімдер бойынша  лицензиялық келісімге қол қойды. Келісім аясында, «Жетінші арна» жаңа маусымда балалар блогында шығатын, ең үздік жастар сериалдарының бірі «Ханна Монтана», сонымен қатар «Говорящая с призраками» және «Падший» (1,2,3 маусымдарын) танымал сериалдарын трансляциялаудың айрықша құқығына ие болды. 

   Бұл келісім эфирге тек әлемдік деңгейдегі сапалы премьералық контентті шығаруды көздеген арна саясатының жемісі. «Жетінші арна» мен «Уолт Дисней Компани ТМД»  арасындағы келісім арнаның ұлттық ақпарат таратуда халықаралық дәрежеге көтерілудегі бастапқы қадамы болмақ.
  «Жетінші арна» директорлар кеңесінің төрайымы Бибігүл Жексенбайдың айтуынша: «Жетінші арна» ағымдағы жылдың басында әлемдік деңгейдегі студиялармен ынтымақтастық жасасу жөніндегі жоспарларын жариялаған, дегенмен арнаның қарқынды дамуы мен жарнама берушілер үшін тиімді аудиторияны тарту саясаты жоспарымыздың біз ойлағаннан да ертерек орындалуына мүмкіндік беріп отыр. «Уолт Дисней Компани СНГ» ТМД нарығында бірегей жұмыс сараптамасын иеленген беделді серіктес. Сондықтан, қол жеткізіп отырған келісіміміз телевизиялық ақпарат таратудың әлемдік стандарттарына сай жаңа деңгейге өту процесін тездетуге жол ашатынына сенімдіміз»,- деді арна басшысы.
«Жетінші арна» - серпінді дамушы телевидение. Жаңа ұстаным, жан-жақты сараланған бағдарламалық саясат, танымал халықаралық жобаларды бейімдеп көрермен назарына ұсыну арнаның қысқа мерзімде көрермен тарапынан сұранысқа ие болуына мүмкіндік жасады.

   «Жетінші арна» жайлы:
«Жетінші арна» астаналық «Эра» телеарнасының негізінде құрылды және 2009 жылдың 9 қыркүйегінен бастап республикалық арнаға айналды. Қазіргі уақытта телеарнаның эфирлік сигналы Қазақстан халқының 86%-на қолжетімді болды. «Жетінші арна» - бүгінгі күні медиа нарықта өз орнын тапқан, айқын ұстаным мен хабар тарату стратегиясын ұстана отырып, тың жобалары мен премьералық контентті иеленген, болашағы зор жас арна.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер