BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ұлттық музейде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Шексіздік» атты жеке көрме ашылады

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2016 жылғы 21 қазанда сағат 16.00-де суретші Қуат Асқаровтың Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Шексіздік» атты жеке көрмесін ашады, деп хабарлайды Baq.kz.

Көрмеге 80-жуық көркем туындылар қойылады, олардың басым көпшілігі бірінші рет экспозицияланбақ.

Суретшінің еңбектері шын мәнінде қазақ мәдениетінің рухымен қоректенген, терең пәлсапалық мәнге толы және көп мәнді нышандарға бай.

Мұның арасында бүгінгі Қазақстанның жылнамасы болып табылатын «Туған жер» триптихі, көшпенділердің азапты өмірін көрсететін «Ұршық өмір» полиптихі бар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
17 Қаңтар 2019, 16:34
Бозарып тағы таң атты
Пікірлер