BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ұлттық арнада отандық сериал көрсетіле бастады

Мамырдың 28-інен бастап "Қазақстан" ұлттық арнасынан «Парыз» деп аталатын сериал көрсетіле бастады. Туындының режиссері көпшілікке «Ғашық жүрек» мелодрамасымен танылған Жасұлан Пошанов. Ал «Сатайфильмге» тапсырыс беріп, бар шығынды мойнына алған «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы. Арнаның төл туындысы қылмыс әлемімен күрес, қарсы тараптардың қақтығысы сынды шытырман оқиғаларға толы.

Қылмыс әлемімен күрес, қатігездік, атыс-шабыс, сатқындық, махаббат. Осындай шытырман оқиғаларға толы «Сатайфильмнің» бұл туындысы Голливуд пен Болливуд түсірген фильмдерден еш кем емес. Ұлттық арнаның тапсырысы болғандықтан, шығармашылық топ сериалды түсіруде ұлттық құндылықтарға басымдық беріпті.

 
Жасұлан Пошанов, фильмнің қоюшы режиссері: 
Біздің Ішкі істер қызметкерлері, тек біздің ғана емес әлемдік полицейлер туралы фильмдер көп. «Парыздың» айырмашылығы,  Қазақстанда болып жатқан оқиға, қазақтың полицейлерін, олардың қазақы қасиеттерін көрсетуге тырыстық. 
 
Қос полицей Асан мен Нартайдың бастан кешкендері 30 серияға арқау болады. Бірі – тісқаққан тәртіп сақшысы, екіншісі – оқуды жаңа бітірген жас маман. Асанның бейнесін Әділ Ахметов сомдаса, Нартайдың рөлінде Азамат Сатыбалды. Екеуі көпшілікке Астана мен Алматы драма театрларының белді актерлары ретінде жақсы таныс.   
 
Әділ Ахметов, актер:
Түсірілім кезінде әртүрлі оқиғалар болды. Аяғымызды қайырып алған кездеріміз. Біріміздің басымыз біріміздің бетімізге тиген дегендей эмоция. 
 
Азамат Сатыбалды, актер:
Өзім өмірде шыдамсыздау, күйгелектеу адаммын. Ал фильмдегі Нартайдың образы өте сабырлы жеті  рет өлшеп, бір рет кесетін жігіт. Екі айдан аса Нартайдың сабырлығы өзіме берілген сияқты.  
 
Кейіпкерлердің жеке қасиеттерін бойларына сіңірген актерлар алғаш рет тапаншадан оқ атып, қолға кісен салуды үйреніпті. Содан болар, фильмдегі басты трюктерді де өздері орындайды. Наурыз айында басталған түсірілімдер қазір аяқталуға тәмәм. Түсіру тобы сериалдың соңғы серияларын таспаға басып жатыр. «Парыз» атты  қастерлі ұғымды өмірлік қағида еткен жандар мен қарақшылық жолды серік еткендер арасындағы қақтығыстар соңында кімнің мерейі үстем болады? Білгілеріңіз келсе, жаңалықтардан соң  «Парыз» сериалын тамашалаңыз.
 
Нұрсұлу ҚАСЫМ

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер