Ұлыбритания патшайымы Елизавета ІІ Дэниэл Крейгпен бірге фильмге түсті - Өнер|30 Шілде 2012, 11:52
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ұлыбритания патшайымы Елизавета ІІ Дэниэл Крейгпен бірге фильмге түсті

 Ағылшын патшайымы Елизавета ІІ ХХХ Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты туралы фильмге түсу оған аса қатты ұнағанын айтты. Елизавета ІІ-нің серігінің рөлін оның отандасы, 007 агент Джеймс Бондтың кезекті рөлін сомдаған актер Дэниэл Крейг ойнады.

    «Патшайым оған осындай теңдессіз жобаға қатысу туралы ұсыныс жасалғанына аса қуанышты болды», - деп мәлімдеді Букингем сарайының баспасөз қызметінің өкілі. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлайды.
    Олимпиаданың ашылу салтанатына арналып түсірілген қысқаметражды фильмнің қоюшысы – «Лашықтан шыққан миллионер» фильмі үшін «Оскар» сыйлығын алған британдық режиссер Дэнни Бойл. Режиссер патшайымның актерлік қабілеттеріне жоғары баға беріп, оны жақсы актриса деп атады.
    Фильмге түсу туралы ұсыныс Букингем сарайына өткен жылы келіп түскен. Елизавета ІІ фильмдегі өз рөлі туралы естіп, бірден келісімін берді. Дэнни Бойлдың өзі Патшалық иесімен жұмыс істеуден жағымды әсер алғанын жеткізді.

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер