BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ТҮРІКСОЙ жылды қорытындылады

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Түркияның Кастамону қаласында ТҮРКСОЙ елдері Мәдениет министрлерінің 36-отырысы өтті.

Жиында өткен жылы жасалған жұмыстардың қорытындысы шығарылды.

Сонымен қатар аталған шаһардағы «Ататүрік» спорт кешенінде «Кастамону – Түркі әлемінің мәдени астанасы» атты концерт ұйымдастырылды. Іс-шараға Қазақстан, Әзербайжан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы құрамындағы республикалардан: Башқұртстан, Қабардин-Балқар, Татарстан, Тува; Гагаузия (Молдова), Сербия, Болгария елдерінің шығармашылық ұжымдары қатысты.

Ал қазақстандық делегацияның Түркияға сапарын ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырды.

Іс-шара аясында Қазақстанды әнші Ayree таныстырды. Ол Абайдың «Желсіз түнде жарық-ай» атты шығармасын орындады.

«Осы шараға қатысқаныма өте қуаныштымын. Ауқымды іс-шарада Қазақстанды таныстыру – мен үшін үлкен құрмет. Мен керемет әсер алдым! Бізді тек музыка ғана емес, мәдениет те байланыстырады», - деп атап өтті қазақстандық әнші.

Аталған шарада Тұрақты кеңестің 36-шы отырысының шешіміне сәйкес Түркі әлемінің мәдени астанасы-2019 туы мен нышаны Ош қаласына (Қырғызстан) берілді.

Айта кетейік, түркі әлемінің мәдени астанасын таңдау – ТҮРІКСОЙ Халықаралық ұйымының 2010 жылы ұсынған бастамасы. 2012 жылы Астана қаласы алғаш рет түркі әлемінің мәдени астанасы атанды. Бұл атақ түрлі кезеңдерде Эскишехир, Қазан, Мары, Шеки және Түркістан қалаларына берілді. Ал өткен жылдың желтоқсан айында Түркістан Түркі әлемінің мәдени астанасының нышандарын Кастамону қаласына тапсырды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер