BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Тұмағаң терең тебіренді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінде қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Тұманбай Молдағалиевпен студенттердің кездесуі өтті. Кездесу кешін филология факультетінің деканы, профессор Қансейіт Әбдезұлы ашып, ақын шығармашылығына кең тоқталып сөз сөйледі. Кешті жүргізіп отырды. Ақынның шығармашылық өмірбаяны туралы баяндаманы профессор Жаңғара Дадебаев жасады. Тұманбай Молдағалиев шығармашылығы туралы өз ой-пікірлерін белгілі қаламгер Дүйсен Мүсірәліұлы, профессорлар Өмірхан Әбдіманұлы, Асылан Жақсылықұлы ортаға салды.
 Өмір-тұлпар тоқта десем тоқтар ма, Әлде алданып жүр ме екенбіз жоқ-барға, Бір жебеп жібер, махаббат, Бір демеп жібер, нұрлы көз!Зар қыла көрме, күні ертең, Тағдырым, осы күніме. Біреулер артық, біреу кем, Бұралаң, қайран, дүние! - деп жырлаған лирик, философ ақынның күллі поэзиялық жинақтары адам тағдырын, өмір құбылыстарын, адамның бойындағы қилы мінездерін тереңнен тербеп ашуға арналды. Қазақ поэзиясына алпыс жылға жуық олжа салып келе жатқан аса дарынды ақынның барлық өлең-жырлары қазақ әде­биетін жаңа белеске көтерді. Негізгі әңгіме осы төңіректе өрбіді. Кездесу соңында ақынның өзі сөз алды. ҚазҰУ-ға арнаған «КазГУ-ым - Анам!» атты өлеңін терең тебіреніспен оқып берді. Студенттер тарапынан сандаған сұрақтар қойылды. Ақын өз тағдырын арқау ете отырып, қазақ руха­нияты туралы қаншама тағлымды әңгімелердің тиегін ағытты. Сөз соңында өзінің ұшқан ұясы, қасиетті қара шаңырақ ҚазҰУ-ға тағзым етіп, бас иетіндігін тебірене жет­кізді. Кеш соңында студенттер ақын шығармашылығы бойын­ша өте әсерлі әдеби-музылық қойылым көрсетті. Жұлдыз ЕСІМОВА, филология ғылымдарының кандидаты http://www.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=6130&Itemid=44

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер