BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Театрдың 25 жылдығына орай сахна саңлақтары қызыл кілеммен жүріп өтті

Фото: Ержан Жаубай

«Астана» концерт залының сахнасында Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының 25 жылдығына арналған гала-концерт өтті, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

Елорда әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған шараға мәдениет пен өнер саласының көрнекті қайраткерлері, жастар ұйымдарының өкілдері және елорда тұрғындары мен қонақтары қатысты. Мерекелік концер басталмас бұрын сахна майталмандары өздерінің сүйікті көрермендерінің алдында алқызыл кілемнің үстімен жүріп өтті.

Театрдың шығармашылық ұжымына өркендеу мен жемісті жұмыс тілеген Мемлекет басшысының құттықтау хатын Астана әкімі Әсет Исекешев салтанатты жағдайда оқып берді.

«Қалибек Қуанышбаев атындағы театр – Астананың белгілі және алдынғы қатарлы мәдениет орталықтарының бірі. Театр қызмет еткен жылдары отандық және әлемдік драматургияның түрлі жанрдағы озық туындыларын сәтімен сахналап, Астана көрермендері мен келуші қонақтардың ыстық ықыласына бөленіп үлгерді. Қала әкімдігі театрдың дамуына ерекше көңіл бөліп отыр және оның артистеріне әлеуметтік-материалдық көмек көрсетуде. Шығармашылық ұжымға жаңа белестерді бағындыруды тілеймін», – делінген Елбасының құттықтау хатында.

Президент аманатын жеткізген Әсет Өрентайұлы құттықтау хатты театрдың көркемдік жетекшісі Талғат Теменовке табыс етті.

Мұнан бөлек ҚР Парламент Сенаты Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетовтің және Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматуллиннің құттықтау хаттары оқылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер