BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Театр мерейтойына орай Қалибек Қуанышбаевқа арналған ескерткіш-мүсін ашылды

Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына бүгін 25 жыл толды. Ширек ғасырдың ішінде өркен жайған өнер ордасы бірнеше халықаралық байқауда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шықты. Әйгілі әртістері түрлі сыйлықтарға ие болды.

Айтулы күнмен театр ұжымын құттықтауға Қазақстан мен Ресейдің белгілі мәдениет қайраткерлері мен халық әртістері келді. Мерейтойға орай театр тарихы туралы кітаптың тұсаукесер рәсімі мен Қалибек Қуанышбаевтың ескерткіш-мүсінінің ашылу салтанаты өтті.

Талғат Теменов, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі:

- Бүгінгі қуаныш – тек қана біздің театрдың ғана емес, қазақ мәдениетінің, қазақ әдебиетінің, қазақ руханиятының тойы. Өйткені мәдениет қашанда халыққа ортақ, жақын болуы тиіс. Біз – Тәуелсіздіктің төл құрдасымыз. Біздің театр бар болғаны 25-те. Қазақ мұны «Ай-хай 25» деп айтады. Бұл –тәжірибе жинаған кез.

Асанәлі Әшімов, Қазақстанның халық әртісі:

- Бұл – үлкен мейрам. 25 жыл деген үлкен дата емес. Бірақ театр үшін үлкен. Бұл театр – жаңа заманға жаңа көзқарасымен келген театр. Бұл театрды мен жақсы көремін. Мұнда көптеген жақсы спектакль бар. Режиссура бар. Сондықтан жақсы көремін.

Хабар 24.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
Пікірлер