BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Тарихшылар алып жәндікердің сүйектерін тапты

Тарихи сенсация! Қазіргі Қостанай қаласы бұрын қолтырауындар мен алып кесірткелердің мекені болған. Ғалымдар Қостанай қаласынан Юра дәуіріне жататын жәндіктердің сүйектерін тапқан. 

Бұлар осыдан 150–200 миллион жыл бұрын өмір сүрген ұшатын кесірткелердің қалдықтары дейді мамандар. Зерттеушілердің айтуынша, қаланың қазіргі жазық даласында кезінде Тетис теңізі болған-мыс. Әлгі кесірткелер сол теңіздің үстінде ұшып жүрген көрінеді. Сондай-ақ дәл осы жерден ихтизавордың жақ сүйектері мен тістері-де қазылып алынды.

ЮРИЙ ПЕРЕЖОГИН — ҚОСТАНАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ ПРОФЕССОРЫ:
«Мынау мазозаврдың тісі. Бауырымен жорғалағыштың салмағы 16–18 тонна болуы мүмкін. Яғни бұл суда жүзетін кесіртке. Биыл біздің тауып алған ихтиозаврымыз дельфин секілді».

Жергілікті ғалымдар бұл маңайдан ежелгі өсімдектердің іздері бар көмір қиыршықтарында кезестірді. Бірақ, өсімдіктердің өзін табу мүмкін болмай тұр. Дегенмен, зерттеу жұмыстары келер жылы да жалғаса бермек. Ал, ғалымдар тапқан жәдігерлерінен болашақта миниатюрлық саябақ ашып, сол жерге қоймақшы.


Қостанай
Кенже Кәрібаева

http://tv7.kz/kz/news/o_i_alar/28137/


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер