BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Талдықорғандық Карина Першина балалардың халықаралық сурет байқауының жүлдегері атанды

Талдықорғандық үшінші сынып оқушысы Карина Першинаның өз өмірінің әсерлі сәттерін қағаз бетіне түсірген күнделіктерінен жасалған үйлестірмесін Art for Peace-2012 байқауының қазылар алқасы ең үздік жұмыс деп бағалады.

 

«Казахстанская правда» газеті хабарлағандай, БҰҰ хатшылығының қарусыздандыру мәселелері жөніндегі басқармасы ұйымдастырған көркемөнер байқауы «Ядролық қарудан азат әлемнің бейнесі» деген ұранмен өтті. Оған 92 елден жіберілген 6 600 сурет қатысты. Қазылар алқасы балалар шығармашылығын креативтілігіне, композициясына, тақырыпты аша алуы мен орындау шеберлігіне қарай бағалады. Біздің отандасымыз қатысқан топта төрт жеңімпаз анықталды. Олар – Қазақстанның, Малайзияның, АҚШ пен Германияның өкілдері. Карина Першинаға үшінші орын бұйырып, оның жұмысы БҰҰ-ның күнтізбесіне жариялануы үшін Нью-Йоркке жіберілді.

Айта кетейік, үш жыл бұрын Карина Першина ЮНЕСКО-ның азиялық «Бұл – менің өмірім» жобасының аймақтық іріктеу кезеңінде жеңіске жеткен болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер