BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Стамбұлда Қазақстанның Түркиядағы Мәдениет күндері өтуде

АСТАНА. 12 қазан. Baq.kz Стамбұл қаласында қазанның 10-нан бері Қазақстанның Түркиядағы мәдениет күндері өтуде деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап 

Қазақстанның Түркиядағы мәдениет күндеріне қазақ өнерінің дарынды тумалары, өнер төрінде орнын тапқан жерлестеріміз қатысуда. Сондай-ақ көшпенді халықтың асыл бұйымдарымен, Алтын Адам және қазіргі қазақтың зергерлік ісінің жетістіктерімен таныстыру үшін көлемді көрме ұйымдастырылды.
Атап айтқанда, 10 қазанда Стамбұл қаласының археологиялық мұражайында «Ежелгі көшпенділер алтыны және Қазақстанның зергерлік өнері» көрмесі ашылды
Ал 12 қазанда Мемлекет басшыларының қатысуымен қатысуымен Қазақстан өнер шеберлерінің салтанатты концерті («Grand cevahir hotel» концерт залы, Стамбұл қ.) болады.
Салтанатты концертке Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі, «Гүлдер» би ансамблі, К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының камералық оркестрі қатысады. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер