BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Скрипкашылар байқауының жеңімпаздары анықталды

Астана. 22 қазан. BAQ.kz Астана қаласында IV халықаралық скрипкашылар байқауы болып өтті. Байқауда Қазақстан және шетел скрипкашылары бақ сынады. Олар жас шамаларына қарай екі топқа бөлінді: жеткіншектер тобы (10 – 15 жас аралығы) және ересектер тобы (16 – 28 жас аралығы) деп хабарлайды Астана қаласының ресми сайты 

Жеткіншектер тобында 1 орынды мәскеулік скрипкашы Наина Кобзарева жеңіп алса, 2 орын астаналық Нәзікгүл Жаңазарова мен Жанар Махмұтоваларға бұйырды. 3 орын – елордалық скрипкашылар Ақбике Алғи, Әсемгүл Сыздықова және Гүлдана Оразаевалардың еншісінде. Арнайы «Үміт» сыйлығы Ақбике Алғиға табыс етілді.

Ересектер тобында бас жүлдені алматылық Ғалия Жарова мен мәскеулік Игорь Хухуа бөлісті. 1 орын Мәскеу қаласының скрипкашылары Александра Адьянова мен Давид Ардуханяндардың қоржынына түссе, 2 орын жапондық Накамура Мион мен астаналық Иван Кокотовтің еншісінде қалды. Ал, астаналық Шолпан Мәңкеева үшінші орынды жеңіп алды. Арнайы «Үміт» сыйлығы бас қала тұрғыны Иван Кокотовқа қоса берілді. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер