BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Шығарма арқауы – спорт

Мәдени Азиада Алматының өнер қайрат­керлері Қысқы Азия ойындары кезінде осынау айтулы спорт жарысына қатысушылар мен қонақтарға өзінше сый-сияпат әзірледі. Соның бірі – суретші Рашид Құлбатыров. Оның «Өнер» көркемсурет салонында «Сәлем, Азиада» деген жеке көрмесі ашылды.
Оның басты ерекшелігі – көр­меге қойылған 35 картина­ның тақырыптары спортқа қа­тыс­ты. Нақтырақ айтқанда, адам­ның ішкі дүниесі спорт ар­қылы ашылған және айрық­ша әсерлі. Оның да жөні бар екен. Суретші жас ша­ғында спортпен шұғылда­ныпты. Кейін өнер мен спорттың бірін таңдау қажеттігі туғанда, өнерді кәсіп еткенмен, спорт бәрібір шығармаларының басты тақы­рыбы болып, қалып қойған. Суретші Рашид Құлба­ты­ров­тың спорт тақыры­бын­дағы картиналарында туған жердің көріністері де ерекше орын ала­ды екен. Әсіресе, бұл Азияда қонақтарына айрықша әсер қалдырмақ. Олар өздері болған Шымбұлақ, Медеу сияқты та­биғаттың тамаша жерлерін суретші шығармаларынан да кө­ріп, жаңа әсерге бөленері сөз­сіз. Спорттың жанкүйері ретінде Рашидтің өзі де бүгінгі күндері үлкен қуаныш үстінде. Азия ойындарын қалт жібермей қадағалайтыны аңғарыла­ды. Сірә, бұл ойындардың көрі­ністері де кейін оның шығар­маларына арқау болса керек. Оның өзінің айтуынша, оған шаңғымен тұғырдан секіру ерек­ше ұнайтын көрінеді. Осы­нау Азиада қарсаңында Алма­тыда бой көтерген Халықара­лық шаңғымен тұғырдан секіру кешенін де кейін оның карти­наларынан көретін болармыз. http://www.egemen.kz/27071.html

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер