BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Шәкен жұлдыздары-2012» кинофестивалінің жүлдегерлері анықталды

АСТАНА. 7 маусым. Алматыда «Шәкен жұлдыздары-2012» Х Халықаралық кинофестивалі өз мәресіне жетті. Кинофестивальға әлемнің әр түкпірінен киноөнерінің саңлақтары мен сыншылары, жас таланттар жиналды.

 

Қазылар алқасының шешімімен кинофестивальдің жүлдегерлері мыналар болды:

«Мен бостандықтамын» картинасы, сценарий авторы әрі режиссері - Андреа Рогтон (Германия).

«Мэр-құда», сценарий авторы әрі режиссері - Эрика Хныкова (Словакия, Чехия).

«Дебют» (көркемсурет) аталымы - «П ұрпағы», режиссері - Виктор Гинзбург (Ресей). «Дебют» (деректі) - «Бақыт. Арманды жер», сценарий авторы әрі режиссері - Лорен Хассе (Франция).

«Жастар киносы» (көркемсурет) аталымы - «Бос үй», режиссері - Нұрбек Эген (Қырғызстан). «Риэлтор», сценарий авторы әрі режиссері - Әділхан Ержанов (Қазақстан). «Жастар киносы» (деректі) - «Көктем» фильмі, режиссері - Мохаммед али Хашемзехи (Иран).

«Анимация» аталымы - «Су астындағы жылжымалы үй» картинасы, режиссері - Веринока самарцева (Германия).

«Шәкен жұлдыздары - 2012» Халықаралық кинофестивалінің арнайы жүлдесі: «Ұлы махаббат» картинасы, режиссері - Раджихан Чахар (Түркия).

«Қазақфильм» АҚ-ның арнайы жүлдесі: «Теңіз қасқырлары» фильмі, режиссері - Алмас Бектібаев (Қазақстан).

Қазақстан Кинематографистері одағының арнайы жүлдесі:  «1937» фильмі сценарий авторы әрі режиссері - Светазор Головев (Ресей).

Т.Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясының арнайы жүлдесі: «Бөгде» (анимациялық кино), сценарий авторы әрі режиссері - Тілек Төлеуғазы (Қазақстан).


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер