BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

"Шабыт" халықыралық фестивалі жастарды шақырады

АСТАНА. 7 қазан. BAQ.KZ - Дарынды жастардың «Шабыт» халықыралық XV фестивалі Астана қаласында 3 қарашадан бастап 8 қарашаға дейін өткізіледі. Астана қаласы әкімдігі сайтының хабарлауынша, бұл жылы фестиваль «Классикалық музыка», «Журналистика», «Бейнелеу өнері», «Халық музыкасы», «Цирк өнері», «Балеттің жас әртістері байқауы» және «Үздік әдеби шығарма» номинациялары бойынша жеңімпаздарды анықтайды.

Шығармашыл жастарға берілетін басты сый – Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы болмақ. Сонымен қатар, Гран-при, «Лауреат» атағы беріле отырып 1, 2, 3 дәрежелі сыйлықтар, «Шабыт» медалі, атаулы дипломдар мен Қазақстанның көрнекті мәдениет және өнер қайтаркерлері атындағы сыйлықтар ұсынылады. Келешегінен үміт күттіретін жастарға «Дипломант» атағы көрсетілген дипломдар, фестивальға белсене қатысқаны үшін марапат қағаздары мен жекелеген номинациялар бойынша арнайы дипломдар мен сыйлықтар беріледі.

Ұйымдастыру комитетінің хабарлауынша, фестивальға қатысуға ниет білдірген жастардың өтініштерін қабылдау әлі де жалғасуда.



Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
13 Желтоқсан 2018, 20:24
Әр нотада шабыт бар
Пікірлер