BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының өнімдері Мәскеуде

АСТАНА. 18 қазан. BAQ.kz Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының картиналарын Мәскеуде Ресейлік кино қорымен Red Square Screenings халықаралық киноиндустриясының хас-шеберлері үшін ұйымдастырылған ауқымды көрсетілімдер аясында ұсынылады деп хабарлайды ҚазАқпарат  

Бұл туралы Қазақфильмнің баспасөз қызметінен хабарлады.
Жетекші шетелдік дистрибуторлар, sales-агенттіктер, халықаралық баспасөз және фестивальдік іріктеушілер үшін Ресей және ТМД елдерінің жаңа киножобаларының көрсетілімі өткізілетін жыл сайынғы халықаралық іс-шара 15-20 қазан аралығында өтеді. Red Square Screenings қатысушылары шараның серіктестері - Украина мен Қазақстанның жаңа фильмдерімен танысады. Кинобайқауда Украинаны Кинематография мәселелері жөніндегі мемлекеттік агенттіктің директоры Екатерина Копылова, Қазақстанды Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның президенті Ермек Аманшаев таныстыратын болады.
Шара аясында киностудияның соңғы жылдары түсірген фильмдері көрсетіледі:
1. «Жаужүрек мың бала», режиссері Ақан Сатаев;
2. «Ликвидатор», режиссері Ақан Сатаев;
3. «А-ға оралу», режиссері Андрей Михалков-Кончаловский;
4. «Сырлы орман», режиссері Ахат Ыбыраев;
5. «Виртуалды махаббат», режиссері Әмір Қарақұлов.
Көрсетілім үшін таңдалған барлық картиналар соңғы жылдары түсірілген басқа да жүздеген ресейлік фильмдермен бірге видеокітапханада іс-шара өткізілетін күндері және жыл бойы онлайн режімінде қолжетімді болады.
Іс-шараның жұмысы туралы кино жөнінде қалам тербейтін жетекші әлемдік басылымдар: Variety, Screen International, The Hollywood Reporter, Filmbulletin және тағы басқаларының өкілдері ақпарат тарататын болады. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер