BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Сен Қазақстан туралы не білесің?

АСТАНА. 16 шілде. BAQ.KZ – Әлемдегі жетекші жаңалықтар желісі - СNN өз сайтындағы Азия бөлімінде Қазақстан туралы деректерге көптеп орын беруде. Елдің тарихы мен мәдениетіне қатысты деректерді ұсынумен қатар, сауалнама үлгісіндегі тағы бір бөлімінде жұртшылықтың Қазақстан турасындағы білімін тексере отырып, көптеген мағлұматтар ұсынады.

«Сен Қазақстан туралы не білесің?» деп аталатын бұл бөлім бірнеше сұрақтардан тұрады. Әрбір сауалға үш жауаптан берілген.
Көш басында «2,724,900 шаршы шақырым жері бар бар Қазақстан көлемі жөнінен әлемде нешінші орынды алады?» деген сауал тұр. Бұған үш түрлі: 12, 9, 4 деген жауап берілген. Жауапты дәл тапқанда «Ия, ол Мексикадан үлкен, Үндістаннан кішілеу» деген қосымша деректер де шыға келеді.


«Қазақстанның астанасы қай қала?» деген сауалға: Астана, Алматы, Ақмола деген варианттар берілген. Дәл тапсаңыз «Ел астанасы 1997 жылы Алматыдан Ақмола қаласына көшірілді» деген анықтама да шыға келеді. Бір қызығы, агенттік «Ел астанасы Астанаға Алматы үнемі жер сілкінісі қауіпі төнетін қала болғандықтан көшірілді» деп жазған екен.


«Қазақтардың ұлттық тағамы – «Бешбармақ» дегеніміз не?» Бұл сұраққа Қайнатылып пісірілген ет, жылқы етінен жасалған шұжық немесе орамжапырақ қосылған түшпара деген жауаптар берілген екен.
Дәл жауапты тапқан кезіңізде мынадай қызық анықтама шығады. «Бешбармақ – бес саусақ дегенді білдіреді. Тағамды бір қолмен жеу - дәстүр». Осыған қарап тұрып, қазақтың жесе тісіне, жемесе түсіне кіретін ең басты тағамы - Еттің әлемге көршілеріміз қойған «Бешбармақ» деген атаумен танылып кеткенін аңғаруға болады.


«Қазақстан ненің отаны?» деген сұраққа үш жауаптың бірі «Әлемдегі бірінші ғарыш айлағының» деп берілген. Қазақтың мақтанышы - Байқоңыр туралы да біршама ақпарат ұсынылыпты. «2050 жылға дейін Ресейге жалға беріліп қойғанын» да ұмытпапты.


Қазақ елінің қолайына жағатын тағы бір сауал: «Қазақстан 2010 жылы қандай халықаралық ұйымға басшылық жасады?» деген сауал.
БҰҰ Бас ассамблеясы, ТМД және ЕҚЫҰ деген жауаптар беріліп, дұрыс жауап соңғысы екені нұсқалады. Сосын Қазақ елі жетекшілік еткен ЕҚЫҰ-ның әлемдегі ең ірі қауіпсіздік жөніндегі ұйым және оған 56 елдің мүше екені берілген.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер