BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Сатаев Ұлы Отан соғысы туралы фильм түсірмекші

Қазақстандық режиссер Ақан Сатаев Ұлы Отан соғысы туралы фильм түсіруге ниетті. Бұл туралы ол III «Astana» халықаралық экшн-фильмдер кинофестивалінің аясында өткен баспасөз мәслихаты барысында хабарлады. 

«Біз Ұлы Отан соғысы туралы кино түсіруді ойластырып жүрміз. Қазір осы мәселе төңірегінде жұмыс істеп келеміз. Менің ойымша, қазақстандықтардың жеңіске қосқан үлесі зор. Біз оны ұмыт қалдырмай, бағалауымыз керек. Қаншама адам майданға аттанды. Ал бүгінде ардагерлердің саны саусақпен санарлық», - деді Сатаев.

Оның айтуынша өскелең ұрпақ өкілдері фильм арқылы өздеріне көп ақпарат алады. Сондықтан, кино арқылы Ұлы Жеңіске қосқан қазақстандықтардың үлесін паш ету қажет.

«Өсіп келе жатқан ұрпақ өкілдерінде, балаларда Ұлы Отан соғысы туралы бұлыңғыр түсінік қалыптасқан. Онда кім жеңіске жетіп, кімнің қаһарман болғанын біле бермейді. Мысалы, америкалық фильмдерді алып қарасақ, біз жеңдік деп жатады. Оны көрген бала солай ойлауы мүмкін. Десекте, біздің ата-бабаларымыздың оған қосқан үлесіне баға жетпейді. 20 миллионнан астам боздақ қаза болды сол сұрапыл соғыста. Ұлы Жеңісті ешқашан жадымыздан шығармауымыз қажет», - деп өз ойын түйіндеді ол.

 Диана Құлмағанбетова

Дереккөзі: BNews.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер