BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

"Сартай батыр" Бауыржан Мо­мыш­ұлы төсбелгісін алды

Мәжіліс депутаты, Ауған соғысы­ның ардагері Ба­қытбек Смағұл ІІМ Ішкі әскерлері Алматы құрамасына қарасты әскери бөлімдердің же­ке құрамымен кездесуі кезінде «Жаужүрек Мың бала» фильміндегі басты кейіпкер - Сартай ба­тырдың рөлін сомдаған Асылхан Төлеповке Ауған соғысы ардагерлері ұйымы мен «Сауап» қоғамдық ұйы­мы тағайындаған «Бауыржан Мо­мыш­ұлы төсбелгісін» та­быс етті.

 

Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу мәселелері, елдегі қоғамдық-саяси ахуал, Қарулы Күштердің және Ішкі әскерлердің ұлттық қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі рөлі сөз болған кездесу Бақытбек Смағұлдың «Мен көрген соғыс» кітабы бойынша түсірілген деректі фильмді тамашалаумен басталды. Фильмде атақты патша әрі ақын Бабыр бабамыздың, «Ауған арыстаны» атанған Ахмат шах Масудтың, Ауғанстанның бұрынғы президенті Раббанидың қабірлері басына тәу етіп, Ауған жеріндегі өзі қанды шайқасты бастан өткерген жерлерді тағы бір көз алдынан өткізген Бақытбектің ерлік істері жас жауынгерлерге үлгі болары анық.
Ал Т.Жүргенов атындағы Өнер ака­демиясының 2-курс студенті Асылхан Төлепов болса, кинодағы тұңғыш еңбегін ескеріп, жауынгерлер алдында батыр
атасы атындағы орденмен арнайы ма­рапаттаудың өзі үшін үлкен жетістік еке­нін айта келе, «Жаужүрек Мың бала» фильміндегі Сартай батырдың монологін жатқа айтып берді.

Төре ҒАЛИ


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер