BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Рухани сананы жаңғыртар көрме

Фото: Сызған Ш.Захидов

«Тәуелсіздік сарайының» галерея залында, «Рухани жаңғыру» мақала-бағдарламасы аясында «Қазақстандық суретшілердің туындылары» атты көркем өнер көрмесіне арналған ашық есік күні өтіп жатыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында тарихтың өткеніне көз жүгіртіп: «Ұлттық жаңғыру дегеніміз – ұлттық санамен тығыз байланысты. Оның түпкі мақсаты – ұлттық бірегейлікті сақтап, ел ішінде бейбітшілік пен келісім үйлесе отырып, ұлттық береке, бірлік салтанат құрған бәсекеге қабілетті, табысты ел болу» деп анықтап айтқан болатын.

«Осыған орай, Қазақстандық қылқалам шеберлерінің, білім мен тәрбиесі ғажайып түрде үндескен, ұлттық идеологияның темірқазығына айналған табысты ел екенімізді, кескіндеу өнерінде, алты құрлық әлемге паш етуге барын салған туындылары көрмеден орын алды. Еліміздің тарихынан сыр шертетін оқиғалар бейнеленген бұл туындылар суретшілердің ұлтқа деген сүйіспеншіліктерін көрсетеді. Осы көрме арқылы біз әсіресе жас суретшілеріміздің еңбегін танытуды, соларды насихаттауды көздедік» - дейді көрмені ұйымдастырушылардың бірі өнертанушы Тілеукеш Жауғасова.

Көрмеге қазақстандық суретшілер Камил Муллашевтің, Баяндин Әділғалидың, Рашид Құлбатыровтың, Жеңіс Кәкеновтың, Дүзелхановтың, А.Смағұлованың, Ш.Захидовтың т.б. елімізге танымал суретшілердің 100-ге тарта еңбегі қойылған.

Көрме тақырыбы айтып тұрғандай, картиналардың негізгі тақырыбы қазақ халқының рухани болмысына негізделген.

«Шет елден келетін қонақтардың көбі біздің суретшілердің ұлттық болмысты, рухани мұрамызды картинада қанық бере білетіндігіне тәнті болады. Себебі біздің суретшілердің жұмыстарының көбі ұлттық дәстүр негізінде бейнеленген. Қазіргі көрменің өзінде ұлттық болмысымызды бейнелейтін «Қыз ұзату», «Шығарып салу», «Жайлауда» қатарлы картиналар қойылған», - дейді өнерзерттеуші.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер