Ресейлік «На-На» тобының репертуары Н. Назарбаевтың сөзіне жазылған әнмен толықты - Өнер|31 Тамыз 2012, 08:22
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ресейлік «На-На» тобының репертуары Н. Назарбаевтың сөзіне жазылған әнмен толықты

ҚАРАҒАНДЫ. 31 тамыз.ҚР Констутиция күніне арналаған Қарағандыда өткен концертте Ресейлік «На-На» тобы Қазақстанның елордасы Астана жайындағы «Мой город» әнін орындады.

«Біз сіздерге жаңа ән сыйлағымыз келеді. Нақтырақ айтқанда бұл сіздердікі. Бұл ән бір ай бұрын Астанада өткен біздің концертімізде алғаш рет орындалған болатын. Әннің сөзін Нұрсұлтан Назарбаев жазды. Ол әннің музыкасын біздің досымыз, менің ойымша теңдесі жоқ қазақстандық композитор Төлеген Мұхамеджанов жазды», - деді топтың продюсері Бари Алибасов.

Оның сөзіне қарағанда, авторлар өз өлеңдерін «На-На» тобына сеніп берген. «Қазақстан күн санап өркендеп келеді. Осында келген сайын адамдардың жағдайы жақсарып келе жатқанына куә боламын», - деді Б. Алибасов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер