BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Раушан Оразбаеваның «Қобыз сарыны» атты концерті өтеді

Елордада Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде қобызшы Раушан Оразбаеваның «Қобыз сарыны» атты лекция-концерті өтеді, деп хабарлайды Baq.kz.

Концерттің мақсаты – бүгінге дейін қаймағы бұзылмай жеткен қазақтың қобызшылық өнерін, оның өкілдері мен шығармаларын қалың көпшілікке насихаттау.

Аталған шара 22 қараша күні сағат 16.30-да басталады

Шара барысында қонақтар қобызшы, Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері», Қазақ Ұлттық өнер университетінің аға оқытушысы Раушан Оразбаеваның дәрісін тыңдап, Астана қалалық № 1 музыка мектебінің «Қобыз-Рух» ансамблінің өнерін тамашалайды.

Аталған шара «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының «Дәстүрлі музыкалық мұра» атты музейлік бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер