BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Pink Floyd Қазақстанға келеді

Фото: ашық дереккөзден

Аты шулы «Pink Floyd» тобының жанкүйерлері үшін – Ұлыбританияның трибьют-жобасы «The Pink Floyd Show UK» Қазақстанда 2018 жылдың сәуір айында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«The Pink Floyd Show UK» тобының Ресей мен Қазақстан қалалары бойынша туры «Pink Floyd» тобының негізін қалаушы, жұмбақ адам – Сид Барреттің (Syd Barrett) құрметіне арналған.

Сид Барреттің құрметіне арналған ұлы композиция «Shine On You Crazy Diamond» турдың атауына негіз болды – «Crazy Diamond – in memory of Syd Barrett 50 years On».

Әрине жанкүйерлер «Pink Floyd» тобының концертіне қатыса алмайды, алайда олардың әлемге танылған «Shine On You Crazy Diamond», «Money», «Time», «Hey you», «What Do You Want From Me», «Another Brick In The Wall» атты ұлы композицияларын «The Pink Floyd show UK» британдық ұжымның орындауында тыңдай алады.

Бағдарламаның екінші бөлімінде «Pink Floyd» тобының 1968 жылға дейін орындалады, олардың авторы Сид Баррет.

Таңғаларлық LIVE шоу – видео, дауыс, жарық және лазерлік кәсіби интеграция Сид Баррет және «Pink Floyd» тобының жанкүйерлерін бей жай қалдырмайды.

Айта кетейік, «The Pink Floyd Show UK» тобының концерті Астанада 26 сәуірде «Астана» концерт залында өтсе, 28 сәуірде Алматыда Республика сарайында өтеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер