Павлодарда «Ортеке: балаларға арналған әдебиеттер топтамасы» жарық көрді - Өнер|06 Тамыз 2012, 17:22
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Павлодарда «Ортеке: балаларға арналған әдебиеттер топтамасы» жарық көрді

Павлодар қаласындағы «Brand Print» баспаханасының «Парасат» баспа бөлімі 7 тамызда «Ортеке: балаларға арналған әдебиеттер топтамасы» атты оқулықтардың тұсаукесерін өткізеді.  

«Парасат» баспа бөлімінің редакторы Әйгерім Пішенбайқызының айтуынша, алғашқы топтамаға 11 кітап еніп отыр. Оның ішінде М.Кененбаевның 3-4 және 5-7 жастағы балаларға арналған «Математика», М.Шакарманованың «Әдептілік әліппесі», «Ата насихаты», «Тапқышбек», «Мұрагер», «Тілашар», Н. Дүкенбайдың «Музыка» оқулықтары бар.
Олардың көркемдеуші-суретшілері М.Омарова, К.Дарьянова, Н.Геннеберг, Л.Ульданова, О.Данильчук. Алдағы уақытта ол өз жалғасын тауып, топтамадағы кітаптар саны одан ары ұлғайтылады деп жоспарланып отыр.
Автор: Ерлік Ержанұлы 

ҚазАқпарат

Сурет:alashainasy.kz 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер