BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Париждің залында атыраулық өнерпаздар классикалық концерт береді

Фото: ашық дереккөзден

Париждің залында Д. Нұрпейісова атындағы Атырау облыстық қазақ халық аспаптар оркестрі классикалық концерт береді. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігіне Атырау облыстық мәдениет, мұрағат және құжатнама басқармасынан хабарлады.

«28 мамырда Дина Нұрпейісова атындағы Атырау облыстық қазақ халық аспаптар оркестрі Париждің жалғыз классикалық залы – камералық музыкаға арналған Гаво залында (Salle Gaveau) өнер көрсетеді. ОРкестрдің ұжымында 53 адам бар. Олар шетелдік тыңдарман қауымның назарына «Шуақты өлкенің шаттығы» атты бағдарламасын ұсынады. Классикалық музыка кешінде Дина мен Құрманғазының туындылары шырқалады. Бұдан басқа, академиялық оркестр репертуарында Юбер Ив Адриан Жироның «Под небом Парижа», Жорж Бизенің «Серенада смита», Нұрғиса Тілендиевтің «Кел еркем-Алатауыңа», «Пертская красавица» сынды туындылары бар», - делінген ведомсвтоның хабарламасында.

Айта кетейік, ағымдағы жылы Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық серіктестікке 10 жыл толады. Осыған орай, Франциядағы ҚР елшілігінің қазақстандық мәдениетті насихаттау мақсатында Д. Нұрпейісова атындағы Атырау облыстық қазақ халық аспаптар оркестрін арнайы шақыртты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер