Отандық дизайнерлердің туындыларын шетелдік сарапшылар жоғары бағалады (ФОТО) - Өнер|30 Мамыр 2016, 10:48
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Отандық дизайнерлердің туындыларын шетелдік сарапшылар жоғары бағалады (ФОТО)

Астана. 30 мамыр. Baq.kz - Отандық дизайнерлердің еңбектері шетелдік аренада. Ұлттық нақыштағы түрлі әшекей бұйымдар мен ерекше киім үлгілері талайлардың жүрегін жаулады. Осыдан бір ай бұрын Нью-Йорк қаласында өзінің жеке киім үлгілерінен көрсетілім өткізген Құралай Нұрқаділова ерекше ықыласқа бөленген. Енді туындыларын Алматы тұрғындарының назарына ұсынуды жөн санапты. 

Ашық аспан астында өткен көрсетілімге келген халықта есеп жоқ. Белгілі дизайнер Құралай Нұрқаділованың жаңа топтамасын тамашалау үшін еліміздің көріктілері мен бөріктілері жиналды. Фэшн шарада ұсынылған киімдердің барлығында ашық түстер қолданылған. Көрсетілімдегі киімдер әсемдігімен және бір-бірін қайталамайтын өзгешелімен ерекшеленеді. Сәнгер өз топтамасына «Кэнди шоп» деген атау беріпті. Қазіргі таңда дизайнердің есімі тек елімізде ғана емес, алыс жақын шетелде танымал. Құралайдың дәл осы жаңа топтамасы жуырда Нью-Йоркта көрсетілген болатын. Fashion шарада оның коллекциясы 156 елдің сарапшысының жоғары бағасын алған.

Қазақстандық белгілі дизайнер Құралай Нұрқаділова өзінің киім үлгілерінде ұлттық бұйымдар мен ою-өрнек қосқанды ұнатады. Бұл топтамасында ұлттық әшекейлер пайдаланылған. Бүгінде сәнгердің қолынан шыққан киімдері еліміздегі шоу бизнес өкілдері, спортшылар тарапынан сұранысқа ие. Оның топтамалары әлемнің түкпір-түкпірінде көрсетілген. Қазір сәнгер кезекті топтамасын әзірлеуде. Оны жуық арада аяқтамақ ниетте.

Фото: Құралай Нұрқаділованың инстаграмдағы жеке парақшасынан алынды 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер