BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Оскар-2018: «Коконың құпиясы» ең үздік мультфильм атанды

Pixar студиясы түсірген «Коконың құпиясы» мультфильмі үздік анимациялық фильм аталымы бойынша «Оскар» алды. Аталған жүлдеге «Босс-молокососс», «Добытчица», «Фердинанд», «Ван Гог. С любовью Винсент» фильмдері де таласты, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

«Коконың құпиясы» – туыстарына айтпай, музыкант болғысы келетін мексикалық бала туралы мультфильм. Ол арманына жету үшін өзінің Өлгендер әлеміндегі кумиріне жолға шығады.

Аталған мультфильм қазақ тілінде дубляждалған.

Айта кетейік, бүгін Лос-Анджелесте Америка киноакадемиясы беретін «Оскар-2018» сыйлығының тоқсаныншы салтанатты марапаттау рәсімі өтіп жатыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер