BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Оскар-2018: Гильермо дель Торо үздік режиссер атанды

Лос-Анджелесте өтіп жатқан тоқсаныншы мерейтойлы «Оскар» сыйлығын марапаттау рәсімінде үздік режиссер номинациясын «Су пішіні» / The Shape of Water фильмінің режиссері Гильермо дель Торо жеңіп алды, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

Гильермо дель Торо - Мексикадан шыққан режиссер, продюсер, сценарийші, актер, жазушы.

«Үздік режиссер» номинациясына Гильермо дель Торо мен қатар Кристофер Нолан, Джордан Пил, Грета Гервиг, Пол Томас Андерсен лауреат болды.

Гильермо дель Торо төрт рет «Оскарға» лауреат болғанымен алғаш рет жеңіп отыр.

Айта кетейік, Pixar студиясы түсірген «Коконың құпиясы» мультфильмі үздік анимациялық фильм аталымы бойынша және «Лейкерс» баскетбол клубының бұрынғы жұлдызы Коби Брайнттың өмірі мен карьерасы туралы «Қымбатты баскетбол» / Dear Basketball атты қысқа метрлі анимациялық фильмі «Оскар-2018» сыйлығын жеңіп алды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер