BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Орта Азияны жаулап алу тарихына қатысты құнды туынды жарық көрді

АСТАНА. 15 мамыр. BAQ.KZ - Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Орта Азияны жаулап алу тарихы, карталары мен жоспарлары» атты үш томдық қолжазбаның тұсаукесері өтті. Жиынға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы Болат Қальянбеков, белгілі ғалымдар, жазушылар, кітапханашылар қатысты.

Әскери қызметкер, тарихшы, лингвист Михаил Терентьевтің көп жылғы ғылыми ізденісі 1000 таралыммен басылып шықты. Туындының басты ерекшелігі, ескі славян тілінде еш өзгеріссіз, басылып шығуында. Тіпті парағының түсіне дейін түпнұсқадағы қалпында басылған.
 
Аталған еңбек Орта Азия мен Қазақстанда Патшалық Ресейдің отарлық саясаты қалай жүргендігі туралы жан-жақты мағлұматқа толы. Басылымды Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы және «Танарис продакшн» кинокомпаниясы бірлескен жоба шеңберінде жарыққа шығарып отыр. Жоба авторлары, аталған шығарма Қазақ елінің тарихын зерттеуде және тәуелсіздік жолындағы күресті тануда аса құнды дейді.
 
 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер