BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Орыс жігіт «Молдабайдың әнін» орындап жұртты таңғалдырды

Фото: Видеодан скрин-шот. Видео youtube әлеуметтік желісінен алынды

Әлеуметтік желілерде орыс жігітінің қазақ тілінде домбырамен ән айтқан видеосы жария болды. Ол дастархан басында қазақтың «Тәңірберген Молдабай» әнін орындаған, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Нағыз қазақ қазақ емес нағыз қазақ домбыра! Тіл білмейтін мәңгүрт бауырларымызға үлгі боларлық екен», - деп жазды әлеуметтік желі қолданушылардың бірі.

Айта кетейік, «Тәңірберген Молдабай» ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында кең танымал әндердің бірі болған. Соңғы жылдары бұл әнді Бекболат Тілеухан, Ерлан Рысқали сынды танымал әншілер орындап жүр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер