BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Өнердің аққан жұлдызы» - Әзімбек Жанқұлиев

Танымал айтыскер ақын Әзімбек Жанқұлиевты еске алуға арналған «Өнердің аққан жұлдызы» атты кеш өтеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

"Жамбыл облыстық Ішкі саясат басқармасы және Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Тәуелсіздігіміздің қалыптасу жылдарында айтыс өнеріне зор үлес қосқан, күллі қазақ жұртына кеңінен танымал болған Әулиеата өңірінің жыр жампозы, Ауған соғысының ардагері, айтыскер ақын Әзімбек Жанқұлиевты еске алуға арналған «Өнердің аққан жұлдызы» атты кеш өтеді" - делінген облыстық Ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі таратхан хабарламада.

Кеш қонақтары - ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұл, сатирик-жазушы Көпен Әмірбек, айтыскер ақын, сазгер, журналист Бекжан Әшірбаев және ақынның замандасы, журналист, "Алматы ақшамы" газеті бас редакторының орынбасары Әнуарбек Әуелбек.

Аталған шараларға қатысамын деушілер үшін есік ашық. Шара 21 қыркүйек сағат 16:00-де, Тараз қалалық Мәдениет үйінде өтеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер