BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Облыстарда «Дарын» сыйлығына үміткерлер таңдалуда

ТАРАЗ. 9 қазан. BAQ.KZ - Бүгін Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының бас ғимаратының мәжіліс залында аудандық және қалалық жастар ұйымдарының жетекшілері үшін республикалық «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын таныстыру және насихаттау бағытында дөңгелек үстел өткізілді. Осы шара кеше А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде өткен болатын. 

Әр облыстарда өтіп жатқан «Дарын» мемлекеттік сыйлығының мақсаты болса жастардың ғылымда, шығармашылық пен спортта, қоғамдық өмірдегі белсенділіктерін анықтау болмақ. Сол арқылы ағалап алға шыққан жастарды «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына ұсыну.
Екі жылда бір рет өткізілетін бұл байқау жастарды ғылым, әдебиет, журналистика, спорт, халық шығармашылығы, дизайн және бейнелеу өнері, эстрада, театр және кино, классикалық музыка және қоғамдық қызметі бойынша анықтайды.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен өтетін бұл байқаудың осыған дейінгі жеңімпаздары арасында Бахтияр Артаев, Илья Ильин, Ольга Шишигина, Мейрам Бегентаев, Ринат Кертаев, Бекболат Тілеухан, Нұрлан Өнербаев, Қыдырәлі Болманов, Ерболат Құдайбергенов болса, биылғы жылдың иегерлерін қазан айының 1-27 күндері аралығында анықталатын болады.

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер