BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұрпаққа берер өсиеті» жарық көрді

АЛМАТЫ. 28 қараша. BAQ.kz Бүгін Алматыда өткен «Нұрсұлтан Назарбаев: Тәуелсіз Қазақстанның өркендеу жолында қабылданған стратегиялық шешімдер» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы барысында Қазақстан Басшысының «Ұрпаққа берер өсиет» атты дәйексөздер кітапшасының тұсаукесері өтті деп хабарлайды ҚазАқпарат  

Қалың жұртшылыққа арналған кітапша «Дәуір» баспасынан қазақ және орыс тілдерінде 500 данамен жарық көрді. Шығарушылары - «Бауыржан» қайырымдылық қоры мен Алматы қаласының Ішкі саясат басқармасы. Кітапшада ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлының афоризмдері, нақыл сөздері, дана ойлары, қанатты сөздері жинақталған.

Олар «Тәуелсіздік - тәуекелге тұратындардың еншісі», «Ана тілі - ұлтымыздың айнасы», «Тарихтан тағылым ала алсақ», «Ел бірлігі - ең асыл қасиет», «Ұлттық намыс - ұлы ұғым», «Демократия жарлықпен орнатылмайды», «Сенгенің игілікті еңбегің болсын», «Дәстүріңді баққаның -үмітіңді жаққаның», «Өрелі рухсыз өркениет жоқ», «Жалғыз Отан - Тәуелсіз Қазақстан», «Жер тағдыры - ел тағдыры», «Садағаң кетейін, айналайын халқым!» деген тақырыптар бойынша топтастырылған.

Автор: Ерлік Ержанұлы 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер