Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаяны туралы бірегей кітап жарыққа шықты - Өнер|08 Тамыз 2012, 09:30
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаяны туралы бірегей кітап жарыққа шықты

«Деловой Мир Астана» баспасынан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми өмірбаяны жарық көрді.
 

 Бұл кітапты Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен қызметін ресми тарихи-өмірбаяндық зерттеудің алғашқы тәжірибесі деуге болады. Кітапта оның қарапайым ауыл баласынан Ұлт көшбасшысына дейінгі жүріп өткен жолы баяндалады. Бұл орайда, басты назар Н.Ә.Назарбаевтың саяси өмірбаянына аударылған, ол Қазақстан ХХ-ХХІ ғасырларда өз дамуының барысында бастан өткерген драмалық және қалыптан тыс оқиғалар мен үдерістердің тарихи аясында беріледі.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің өмірбаянына деген жұртшылық қызығушылығының жоғары екенін ескерер болсақ, мұндай басылымға сұраныстың пісіп-жетілгеніне көп болып еді. Оның үстіне, бүгінгі таңда Елбасына арналған материалдар мен жарияланымдардың көпшілігінде жекелеген оқиғаларды, деректер мен даталарды суреттеу мен құбылтып баяндауда көптеген өңін айналдырып берушілік пен қарама-қайшылықтар бар. Сол себепті, даусыз деректерге әрі баға бере пікір айтуды мейлінше азайтуға сүйене отырып, баяндаудың суреттеу-мәлімдеу стилін негізге алу арқылы, соларды бір ізге түсіруге талпыныс жасалды.
Архив материалдарының ауқымды базасының негізінде әзірленген өмірбаян Қазақстанның ең жаңа тарихының елеулі құжат көзі болып табылады. Оны әзірлеу барысында Орталық мемлекеттік архивтің, Президент Архивінің, Тұңғыш Президент Мұражайының, Президент Әкімшілігінің, Қарағанды облысы мемлекеттік архивінің, Теміртау қ. мемлекеттік архивінің, Алматы облысының Қарасай ауданындағы тарихи-өлкетану мұражайының қорларындағы архивтік құжаттарды зерттеу жөнінде үлкен жұмыстар жүргізілді.
Құрылымдық жағынан кітап 12 тараудан тұрады, олардың әрқайсысы бас кейіпкер өмірбаянының белгілі бір кезеңін қамтиды.
Кітаптың басты құндылығы мен ерекшелігі мынада: онда елеулі фотосурет материалдарымен бірге, Н.Ә.Назарбаевтың жеке құжаттарының көшірмелері түрі, мәтіндері және түстік гаммасы бойынша түпнұсқаның өзін дәлме-дәл қайталайтын нұсқалары алғаш рет ұсынылған. Мұның өзі оқырманға суреттеліп отырған оқиғалар кезеңінің ауанына толығырақ қанығуына мүмкіндік береді.
Өмірбаянда сондай-ақ Мемлекет басшысының қызметтік лауазымдарының, ғылыми дәрежелері мен атақтарының, құрметті дәрежелерінің, наградаларының, кітаптарының, маңызды мақалалары мен сөздерінің тізбесі де берілген.
Кітаптың қоғамдық-саяси маңызы назарға алына отырып, ол 20 мың дана таралыммен жарық көрді, басылым еліміздің барлық орта мектептеріне, арнаулы орта білім мекемелеріне, жоғары оқу орындарына, кітапханаларына, орталық және жергілікті мемлекеттік органдарына жіберілетін болады.
Аталған кітапты Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы, саяси ғылымдар докторы, профессор М.Б.Қасымбеков жетекшілік ететін шығармашылық топ әзірледі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер