BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«МузАрт» атауын белгілі сықақшы Сағаділдә Үсіпәлі қойған - М. Бесбаев

АСТАНА. 4 шілде. Бүгін «Мега» ОСО-да «МузАрт» тобымен болған баспасөз мәслихатында топ мүшесі Мейрамбек Бесбаев осылай деп мәлімдеді.

«МузАрт» тобын еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін жақсы білсе де, кейбіреуі атаудың шыққан тарихы мен астарындағы мағынасынан бейхабар. Осыны ескерген топ мүшелері журналистердің сұрағына жауап бетінде топ атауының шығу тарихына қысқаша тоқтала кетті.

«МузАрт» екі ұғымнан тұрады. «Уз» түркі сөзі, қазақша сал-сері, әнші, нағыз ер дегенді білдіреді. Ал «Арт» сөзі таудың ұшар биігі, құзар шыңы дегенге саяды. Тобымыздың атын ойлап табу бізге біраз қиынға соқты. Топтың есімі түгілі, адамның атын қоюдың өзі қиын ғой кейде. Сондықтан алғашында алты айдай атаусыз шығып жүрдік. Кейіннен Сағаділдә Үсіпәлі деген әрі өнерде бірге жүрген досымыз, әрі ағамыз осы атауды ұсынды», - деді М. Бесбаев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер