BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 376.4 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 427.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.86
Астана:

Мүмкіндігі шектеулі жандар «Салт-дәстүрді сақтай отырып...» атты көрме өткізуде

Фото: Ержан Жаубай

"Астана" Ұлттық сурет галереясында қыш-құмыра жасау өнері көрмесінің ашылу салтанаты өтті. «Салт-дәстүрді сақтай отырып...» деп аталатын бұл көрме Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылып, қазақ халқының ұлы дәстүрлерін және өзіндік ұлттық мәдениетін жаңғырту мақсатында өткізілді, дейді BAQ.kz тілшісі.

Көрме «ДОС» тәуелсіз өмір» орталығы мүгедектер Қоғамдық бірлестігі мен «Астана» Ұлттық сурет галереясының ұйымдастыруымен қолға алынған.

«Бұл біріншіден Тәуелсіздіктің 25 жылдығына тартылған тарту болса, екінші – мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғаммен араласуына, олардың керек болса онекі мүшесі сау адамнан да артық шеберлікке иекенін көрсету. Сонымен қатар, ұлтымыздың ерекше өнерін – қыш бұйым жасауды кейінгі ұрпаққа дәріптеу мақсатында қолға алынып отыр. Жалпы «Астана» сурет галериясы мұндай рухани шараларға үнемі қолдау білдіріп отырады» - дейді галерия басшысы Асылхан Сәдуов.

«Астана» Ұлттық сурет галереясының көрме залында сәндік-қолданбалы өнер және қыш-құмыра жасау өнерінің қазақстандық шеберлерінің бірегей туындылары көрермен назарына қойылған. Әсіресе Анар Омарова мен Бауыржан Салаевтің қолдарынан шыққан құмыралар елдің назарын ерекше аударды.

«ДОС» тәуелсіз өмір» орталығы мүгедектер Қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Дина Ерділдинованың айтуына қарағанда қыштан бұйым жасау, оны халық назарына ұсыну арбаға таңылған жандардың жанына тыныштық сыйлайды.

«Біздің орталық 2006 жылы мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы ашылған болатын. Орталықтың басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша жәрдемдесу және қоғамда өмір сүруге қажетті дағдыларды қалыптастыру болып табылады. «Астана» Ұлттық сурет галереясымен бірлесіп ұйымдастырған көрме барысында біз өмір сүруге, қиындықпен күресе білуге үндейміз» - дейді орталық жетекшісі.

«Салт-дәстүрді сақтай отырып...» атты қыш-құмыралар көрмесі Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнері саласындағы шығармашылық ынтымақтастықтың жақсы дәстүріне айналмақ.

Көрме 2016 жылғы 7 қазанға дейін жалғасады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер