BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мұқағалидың дінді ғылымнан жоғары қоюы - жаңалық - Ғарифолла Есім

АЛМАТЫ. 1 тамыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - "Мұқағалидың  "Дін - ғылымның анасы" деген түйіні  қазір «Дінтану негіздері» деген оқулыққа енді", - деді ҚР Парламент Сенатының депутаты, академик Ғарифола Есім  өткен демалыс  күндері Алматы облысы Райымбек ауданында Қарасаз ауылы мен  Шәлкөде  жайлауында өткен  Мұқағали Мақатаевтың   80 жылдығына арналған   тойда.

«Болмыс, рух дегендер ақын Мұқағали үшін бөлінбейтін тұтас бір дүние. Ол - әлем. Мұқағали әлемін анықтайтын қазақы болмыс, қазақ  рухы.  Бір шетінен екінші шеті 3 мың шақырымды құрайтын қазақ даласы ақынның шөлін қандырған рухани азығы. Сондықтан қай өңірге барсаң да алдыңнан Мұқағали шыға келеді. Мектеп оқушыларынан бастап еңкейген кәріге дейін  оның өлеңдерін жатқа оқиды», - дейді Ғарифолла Есім. Оның айтуынша, ақындық ғұламалық деген кезде қолданатын өлшем бар. Ол - хакім. Яғни Мұқағали хакім. Хакім деген  - дүние сырын іздеуші.     «Мұқағалидың дінді ғылымнан жоғары қоюы - жаңалық. Ол ғылымда енді ғана айқындала бастаған жәйт. Мұқағали өмір сүрген заманда  ғылым мен  білім жоғары саналатын. Ғылым жаратушының жаратқан кереметтерін зерттейді.  Жаратушының өзін зерттей алмайды. Мұқағали сондықтан да "Дін - ғылымның анасы" деген түйін жасаған. Бұл қазақты  дінтануда өзгелерден алға шығарып отыр», - дейді  философия ғылымының докторы, профессор  Ғ.Есім.

http://www.inform.kz/kaz/article/2396200


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер