BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мұқағали жүлдесі Ырысбек Дәбейде

Былтыр ғана Хантәңірі етегіндегі қасиетті Қарасаз ауылында 80 жылдық мерейтойы кеңінен атап өтілген қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев тойының дүбірі басыла қойған жоқ. Еліміздің әр аймағында ақын құрметіне арналып, қара өлеңді төрге оздырған әдеби-сазды кештер мен мүшәйралар әлі де өз деңгейінде ұйымдастырылуда.


Жақында ақын туған өлкеде өткен рес­публикалық мүшәйра мәреге жетіп, жас таланттар лайықты бағасын алып, арнайы дипломдар және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында өткен «Поэзия, менімен егіз бе едің?!» ат­ты республикалық жазба ақындар мү­шәй­расына еліміздің түкпір-түкпірінен кел­ген 30-дан астам ақын қатысты. Бұл ша­ра­ны Алматы облысының Тілдерді дамы­ту жөніндегі басқармасы дәстүрлі түрде ұйымдастырып келеді.



Байқауға қатысушыларды облыстық тіл­дерді дамыту жөніндегі басқарманың бас­тығы Тәңірберген Қасымберкебаев қа­был­дап, әр облыстан келген дарынды жас­тарға Жетісу жерінің тарихынан сыр шертетін «Жетісу» энциклопедия­сын ұсын­ды. Үміт­керлер Тіл сарайы мен Достық үйі жұ­мысымен танысып, Талдықорған­ның кө­рікті жерлерін аралады. Орталық алаң­дағы Мәңгілік алау мен Тәуелсіздік көше­сіндегі үш бидің ескерткіштеріне гүл шоқ­тарын қойды.

І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында өткен шарада ақын өмірінен бей­нефильм көрсетілді. Мүшәйраға ақын, Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы «Қаламгер-Меdia» орталығының жетек­шісі, Қазақстан Жазушылар одағы бас­қар­ма­сының хатшысы, Мемлекеттік «Да­рын» жастар сыйлығының лауреаты Жанар­бек Әшімжан, ақын-аудармашы, респуб­ли­ка­лық «Алаш айнасы» газетінің мәдениет бөлі­мінің редакторы Алмат Исәділ, ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Қазақстанның Құрметті журналисі, ҚР мәдениет қайраткері, об­лыстық «Огни Алатау» газетінің бас редак­торы Әміре Арын, Алматы облыстық тіл­дер­ді дамыту жөніндегі басқарманың бас­тығы Тәңірберген Қасымберкебаев, ақын, облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім бастығы Гүлбақыт Тоқтанқызы төре­лік жасады.

Байқауға қатысушылар үш аталым бо­йын­ша, яғни ақындардың М.Мақа­таевқа арнаған өлеңі, тіл тақырыбына арналған өлеңі және ақын күнделігінен мәнерлеп үз­ін­ді оқу шеберлігімен сынға түсті.

Қазылар алқасының төрағасы Жанарбек Садықанұлы қорытынды сөз сөй­леп, байқау жеңімпаздарына Тіл басқарма­сы­ның атынан дипломдар және ақшалай сый­лықтар, барлық қатысушыларға ал­ғыс­хат­тар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

• Бас жүлде – Ырысбек Дәбей (Алматы қаласы, суретте);

• І орын – Қали Айбек (Астана қаласы);

• ІІ орын – Рауан Қабиболдин (Қарағанды), Мөлдір Айтбай (Қызылорда);

• ІІІ орын – Сыйлыхан Жұмасалихов (Батыс Қазақстан облысы), Мұқағали Кенжетайұлы (Оңтүстік Қазақстан облысы), Медет Дәулетхан (Алматы облысы, Талғар ауданы);

• бес қатысушы лауреат атанып, ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

Бұл әдеби шараның басты мақсаты – М.Мақатаев шығармашылығын ауқым­ды түрде насихаттап, поэзия арқылы мем­ле­кеттік тілдің мәртебесін көтеру, жас­тарды әдеби шеберлікке баулу, жас талант­тар­дың жолын ашып, ұлы ақынның шы­ғар­ма­шылық мұрасы арқылы жас ұрпақты отан­сүйгіштікке тәрбиелеу. Мақатаев мүшәй­ра­сы бұған дейін қалалық, аудандық дең­гейде өткізіліп келген. Алайда соңғы екі жылда бұл шара облыс әкімдігінің қол­дауымен республикалық көлемде ұйым­дастырылып келеді. Бұл мүшәйра, негізі­нен, республика бойынша 18-35 жас ара­лығындағы жас ақындарды қамтиды.

Автор: Таңатар АЙТҰЛЫ


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер