BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

МКҚБ қызметкерлері тегін спектакль тамашалады

МКҚБ басшылығының театр ұжымымен жүргізген келісімнің нәтижесінде ақысыз негізде МКҚБ-ның 32 қызметкері ағымдағы жылғы қараша айында театр сахнасынан «Тыраулап ұшқан тырналар» атты лирикалық драманы тамашалады, дейді BAQ.kz тілшісі.

Аталмыш туынды драматург В. Ежовтың «Бұлбұлдар түні» шығармасы желісі бойынша сахналанған. Қазақ тіліне аударған белгілі театр сыншысы, мемлекеттік сыйлықтың иегері, профессор Әшірбек Сығай. Режиссерлық нұсқасын Қазақстанның халық артисі, театр және кино режиссері Талғат Теменов жасап, сахна төрінен көрермен назарына ұсынған.

"Сахналанған «Тыраулап ұшқан тырналар» атты лирикалық драма Ұлы Жеңістен кейінгі кеңес солдаттарының өмірінен сыр шертеді. Басты кейіпкерлер қазақ солдаты Пернебек Боранбаев пен неміс қызы Инганың арасындағы кездейсоқтықтан туындаған махаббат тақырыбын көтерген. Осы аралықта адамзатқа ортақ қасиет – махаббат пен жауыздық, адамгершілік пен сыйластық, өшпенділік пен сүйіспеншілік, сағыныш пен мейірімділіктің ұшқыны спектакль барысында көрініс тапқан. Өз басым қойылымнан ерекше әсер алдым" - дейді көрермен болып келген күзет қызметі қызметкерлерінің бірі.

Театр – рухани кемелділік пен мәдени өсуге ықпал ететін бірден-бір орын, өнеге көзі, тәрбие ошағы. Сахналанған спектакль МКҚБ қызметкерлеріне үлкен ой салды. Алдағы уақытта МКҚБ жеке құрамымен жұмыстан тыс уақытта тарихи және еске алу орындарына, театрларға, мұражайларға, көрме залдарына бару жалғасын табады.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің идеологиялық және тәрбие жұмысын жетілдіру бойынша 2016 жылға арналған жоспарын бекіту туралы» ІІМ-нің 2016 жылғы 30 сәуірдегі № 460 бұйрығына сәйкес Астана қ. МКҚБ жеке құрамымен идеологиялық және тәрбие жұмысын ұйымдастыру, жоғары деңгейдегі тарихи сананы, жаңа қазақстандық патриотизмді, толеранттықты қалыптастыру, ұлтаралық келісімді нығайту, Анты мен қызметтік борышын адал орындауға әзірлік деңгейін арттыру мақсатында Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы басшылығы Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры ұжымымен ұдайы негізде тығыз қарым-қатынас орнатқан.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер