BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Меруерт ТҮСІПБАЕВА, әнші: ДОСЫМ АЗ, ДҰШПАНЫМ КӨП

 

– Сізді жақындарыңыз қалай атайды?
– Мира. Бұл есім кішкентайымнан құлағыма әбден сіңісті болған.
– Әнші болуды бала кезіңіздегі арманыңыз ба?
– Әнші болуыма әкем қарсы болса да, менің бар арманым әншілік еді. София Ротаруға қатты еліктедім. Ол қазір де менің кумирім.  
– Өнерде де нені жақсы көресіз?
– Өнер өте үлкен шексіз ұғым! Бағалай білмеген, түсіне алмайтын, өнерге ынтық емес жандар – мен үшін толыққанды адам емес десем болады!
– Өнерден басқа нәрсемен шұғылданып көрдіңіз бе?
– Қосымша Педогогика ғылымының кандидаты деген ғылыми лауазымым бар. Өнер академиясы мен ҚызПУ-де сахна тілінен және ән салудан сабақ беремін.
– Салмағыңыз канша?
– 54-55келі.  
– Қандай өлшемдегі аяқ киім киесіз?
– 37 өлшемді.  
– Жиі кешірім сұрайтын адамсыз ба?  
– Кешірім сұрауым жағдайға қарай. Негізінен табиғатымнан ешкімге жалпақтамаймын. Бірақ қатты кетсем, кешірім сұрауға дайын тұрам. 
– Сізді қандай қасиетіңізге бола жақсы дос деп атауға болады?
– Өзім сыйлайтын, дос деп санаған адам үшін сенімді адаммын. Жауапкершіліктімін. Мәди Бәпиұлы айтқандай, «Досым аз,дұшпаным көп». Өмірде Сәуле және Толқын деген шынайы 2 досым ғана бар. Қалғандары жақын таныстарым.
– Демалысыңызды қалай өткізгенді ұнатасыз?
– Қолыма кітап алып, төсекте жатқанды ұнатамын. Тыныштықты жаным қаласа кейде теңіздің шуылдаған даусынан ләззат аламын.  
– Саясатта қай тұлғаны ерекше сыйлайсыз?
– Мен үшін Мұхтар Шаханов, Тоқтар Әубәкіровтің орны бөлек.  
– Соңғы рет түсіңізде кімді көрдіңіз?
– Түсімде Ресейлік әнші Алсу үшінші баласына жүкті екен. Тағы бірінде Қалима деген әпкем өзінің басындағы алтын тәжді маған кигізіп жатыр. Мен болсам «мынауыңыз кең екен» деп алмай жатырмын.  
– Сіз үшін дүниедегі ең үлкен бақыт?  
– Туған-туыс пен дос жарандардың амандығынан асқан бақыт жоқ.  
– Өмірде сіз тыңдаған ең құнды кеңес... – Анамның әрбір айтқан сөздері мен үшін кеңес. Жас күнімде құлағыма ілмесем де, артынан қатты ойланған кездерім көп. Тіпті, өкінген кездерім бар.
– Ер адамның бойында қандай қасиетті бағалайсыз?  – Шыншылдық қасиетінен айнымаса, ол нағыз еркек атына лайық.
– Таңертең тұрған соң не істейсіз?
– Бірден радионы қосамын. Сосын Нұрғисаны оятып, екеуіміз шай ішеміз.  
– Ішіңіз пысқанда ше?
– Шынымды айтсам, ішім пысатын кездер сирек. Баласы бар адамның қай кезде де жұмысы көп қой. Бос кезде достарыммен хат жазысамын, әлеуметтік желілердің көбінде тіркелгенмін.  
– Соңғы сатып алған нәрсеңіз?
– Бір жақ жеңі ұзын, екіншісі қысқалау келген етегі ұзын шұбар көйлек сатып алған-тынмын. Оны жақында Шөмішбай Сариевтің кешіне киіп шықтым.
– Коньяк күшті ме әлде шампан ба?
– Көңіл-күйге байланысты әрқасысының әсері әр түрлі.
– Өзіңіздегі соңғы жаңалық?
– И.Сапарбаев пен жас композитор Ғ.Жұмағұловтың «Бақыт сыйла» деген әніне бейнебаян түсіріп, тыңдармандарыма ұсындық. «Нұр Отанның» қатарына қабылданып, партиялық билетті Ахметжан Есімовтің өзі тапсырды.  
– Саясаткер болғыңыз келе ме? Мысалы, Мәжіліс депутаты...
– Сәті келсе неге болмасқа? Ол жердегілердің бізден айырмашылығы жоқ.
– Енді он жылдан кейін өзіңізді қалай елестетесіз?

– 40 жасымдағыдай (күлді). Дәл қазіргі уақытта бар ой-арманым – Нұрғисаның болашағы. Балам білімді азамат болып өссе деймін.


Заңғар ТАУДАЙ

http://www.halyksozi.kz/news/view/id/1022


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер